Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс жекпе-жегінің төрешілері анықталды
Кәсіпқой бокстан WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Бернард Хопкинс (54-6-2, 32 КО) жекпе-жегінде қызмет ететін төрешілердің есімдері белгілі болды.
Шаршы алаңдағы міндет Эрл Браунға жүктеліп отыр. Ол 2013 жылдың наурызында Бернард Хопкинс пен Тэворис Клауд арасындағы жекпе-жекте төрешілік еткен. Сол кезде Шүменовтің қазіргі қарсыласы ұпай санымен жеңіске жетіп, бокс тарихындағы ең жасы үлкен чемпион атанды.
Жекпе-жектің төрешілері - Густаво Падийя (Панама), Дэйв Моретти (АҚШ) және Джерри Рот (АҚШ). Ал кештің супервайзер қызметіне Жильберто Жезус Мендоза тағайындалды, деп хабарлайды BoxingScene.com.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық пен америкалық боксшы арасындағы жекпе-жек 19 сәуірден 20 сәуірге қараған түні Вашингтонда өтеді. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35