Чавес Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес (48-1-1, 32 КО) WBA және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (29-0, 26 КО) ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Boxingscene.com.
Жекпе-жек 19 шілдеде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтуі тиіс еді. Алайда кіші Чавес Головкинмен жұдырықтаспайтынын мәлімдеді. Бұған себеп - Top Rank компаниясымен келісімшартты ұзарту шартының қанағаттандырылмауы. Мексикалық боксшыға гонорар көлемінің аз болуы ұнамаған.
Бірақ енді Чавес жаңа ұсыныс алды және ол оны қарастыруға дайын. «Біз барлығын талқылауға тиіспіз. Жаңа ұсыныстың барлық шарты жақсылау екен. Келісімге келесі аптада отырамыз деп ойлаймын», - деді Чавес.
Айта кетейік, Геннадий Головкин биылға жоспарлаған төрт кездесуінің біреуін ғана өткізді. Ақпан айында ол ганалық Осуману Адаманы нокаутқа жіберген еді. Боксшының отбасылық жағдайына байланысты 26 сәуірге белгіленген жекпе-жек жоспардан алынып тасталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35