WSB. Жартылай финалда жұдырықтасатын жұптар белгілі болды
Дүниежүзілік бокс сериясы ширек финалындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы бірінші кездесуде шаршы алаңға шығатын боксшылардың есімі белгілі болды. Қазақстандық команда бұл тізімді бірінші жариялаған еді, енді әзірбайжандық клуб та елордада жұдырықтасатын боксшыларының есімін атады. Айта кетейік, екі команданың бапкерлері де бұл тізімге өзгеріс енгізе алады.
49 келі. Мардан Берікбаев - Хамза Наметов.
56 келі. Мәди Шолақов - Гаирбек Гермаханов.
64 келі. Жәнібек Әжібай - Гайбатулла Гаджиалиев.
75 келі. Ерік Әлжанов - Солтан Мигитинов.
91 келі. Василий Левит - Абдулкадир Абдуллаев.
Бірінші кездесу 26 сәуірде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Билет құны – 1000 теңге. Ал қарымта кездесу 3 мамырға жоспарланған. «KAZsport» телеарнасы бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жектің басталу уақыты – 19:50.
Айта кетейік, бұл маусымда командалар топтық кезеңде екі рет кездесті. Алматыда өткен жекпе-жекте «Астана арландары» 4:1 есебімен жеңсе, Бакуда өткен ойында әзірбайжандық клуб дәл осындай есеппен басым түсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35