Шүменов пен Хопкинс жекпе-жегінің басталу уақыты өзгерді (ФОТО)
Вашингтонда өтетін бокс кешінің қатысушылары ашық жаттығуларын өткізді. Бұл кештегі басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша суперчемпион, 30 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс (54-6-2, 32 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты – 20 сәуір, жексенбі, сағат таңғы - 07:00 (Астана уақыты).
«Карьерамды жалғастыру үшін бұл жекпе-жектің маңызы зор. Шүменов мені жеңу арқылы, атын шығаруды қалайды. Жастардың барлығы мені жеңіп, атақты чемпион болуды ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді Хопкинс.
«Мен өзімді керемет сезінемін. Көп жаттығу атқарылды. Бір де бір жаттығуды босқа жіберген жоқпын. Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы екенімді көрсеткім келеді», - деп атап өтті Бейбіт Шүменов.
Фото: boxingscene.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35