Алуа Балқыбекова: Мақсат – Олимпиада чемпионы атану
Қазақ боксшылары Болгария астанасы Софияда өткен (14-25 сәуір) жастар арасындағы Әлем чемпионатынан олжалы оралды. Жалпыкомандалық есепте біздің боксшылар бірінші орынды иеленді. Құрама қоржынында – 2 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» бар.
Қыздар боксында ел қоржынына қола жүлдені тараздық Алуа Балқыбекова (51 келі) салды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері чемпионаттан алған әсерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Бұл жарысқа бір жыл бұрын дайындала бастадым. Мақсат – жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алу болды. Әрине, «алтын» алғым келді. Дегенмен бұл нәтиже де қанағаттандырады. Ең бастысы – лицензия. Енді Олимпиада «алтынын» алуға күш саламын», - дейді Алуа Балқыбекова.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35