WSB. «Астана арландары» - «Baku Fires» 3:2
Дүниежүзілік бокс сериясындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы жартылай финалдық алғашқы кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақта Василий Левит пен Абдулкадыр Абдуллаев жұдырықтасты.
Айта кетейік, әзірбайжандық команданың бас бапкері Нурипаша Талибов дәл осы жекпе-жектің шешуші болатынын мәлімдеген еді. «Арландар» намысын қорғайтын Василий Левит әзірге жеңіліп көрген емес. Осыған дейін бес кездесу өткізіп, барлығын да жеңіспен аяқтаған.
Бұл екі боксшы былтыр Алматыда өткен жекпе-жекте жолдары түйісіп, жеңіс жерлесіміздің еншісінде қалған. Содан бері Абдуллаев екі жекпе-жекке шығып, екеуінде де жеңіспен аяқтады.
Ширек финалда Италия елінің мақтанышы, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, 2007 жылғы Әлем чемпионы Клименте Руссоны ұрып жыққан да дәл осы Абдуллаев болатын.
Дегенмен ол бұл жолы да Василий Левитті жеңе алмады. Қазақстандық боксшы шешуші жеңіске жетіп, «Астана арландарына» жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45