Флойд Мэйвезер мен Маркос Майдана жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 3 мамыр, сенбіден жексенбіге қараған түні кәсіпқой бокстан WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы (66,7 келі) Әлем чемпионы, америкалық кіші Флойд Мэйвезер мен аргентикалық боксшысы Маркос Майдана жұдырықтасады.
Кіші Флойд Мэйвезер кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның үстіне 26 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Маркос Майдана 35 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Ол 21 рет қарсыластарын нокаутқа жіберген.
Айта кетейік, Мэйвезер қарсыласын бірнеше ай бойы таңдады. Тіпті, ресми сайтында ашық ашық дауыс беру жүргізді. Флойд екі қарсыласының есімін атады. Біріншісі – британдық Амир Хан, екіншісі – аргентиналық Майдана болды.
Көптеген жанкүйерлер британдықпен жұдырықтасуды қалағанымен, таңдау аргентинкалық боксшыға түсті. Жекпе-жекке тәжірибелі америкалық маман Тони Уикс қазылық етеді.
«KAZsport» телеарнасы Флойд Мэйвезер мен Маркос Майдана жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35