Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.
Бұл туралы екі боксшының промоутерлері мәлімдеген.
«Top Rank» басшысы Боб Арумның айтуынша, екі жақтың арасындағы келіссөздер тоқтатылған. «Чавес Головкинмен қолғап түйістіргісі келді. Бірақ, қазақстандық боксшының қойған талаптары тым ауыр. Сондықтан, біз бұл жекпе-жекті қазір ұйымдастыра алмаймыз», -деді Арум.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазір олар HBO телеарнасымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Шілдедегі жекпе-жек үшін ең мықты қарсыластарды іздестіруде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әзірше үміткерлердің қатарында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпиондары Питер Куиллин мен Дэниел Джейкобс лайықты саналуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35