«Astana Arlans» боксшысы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысады
28 жастағы украиндық Сергей Деревянченко енді бағын кәсіби бокста сынап көрмекке бел буды, деп хабарлайды vringe.com
Николаев қаласында тұрып жатқан орта салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жегін 21 маусымда Уилкс-Барредегі Mohegan Sun Pocono Downs аренасында (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізеді.
Айта кетер жайт, тағы бір украиндық Анатолий Дудченко Наджиб Мохамедимен шаршы алаңда жұдырық түйістіреді. Олардың жеңгені жартылай ауыр салмақтағы WBA/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинспен кездесетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, мамыр айының басында құрамында Деревянченко бар «Astana Arlans» командасы биылғы WSB маусымының финалына шыға алмай қалған болатын.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00