Басты Жаңалықтар Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой шаршы алаңдағы 17-ші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордеромен өткізіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Үшінші раундта колумбиялық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға 17 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Оның 14-де қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал Кордеро осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Колумбиялық боксшы бұған дейін 29 рет (21 нокаут) қарсыласынан басым түскен. 

Бұған дейін хабарланғандай, бұл жеңіс Қанат Исламға WBA рейтингінде 8-ші орынға (жекпе-жекке дейін 11-ші) көтерілуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде чемпиондық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін жақындата түспек.

Қанат Ислам WBA  нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атануға ниетті. Боксшының сөзінше, ол чемпиондық атаққа жылдың аяғында таласуы мүмкін.

Бөлісу