Chemistry Cup 2014. Әбдірахманов пен Ниязымбетов алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады
Германияның Галле қаласында Chemistry Cup 2014 турнирінің алғашқы жекпе-жектері өтті.
Өкінішке қарай, жарыстың бірінші күні 75 келі салмақта Рүстем Сыбаев сүрінді. Ол шаршы алаң иесі Хек Паскалиге 1:2 есебімен есе жіберді.
Дегенмен Берік Әбдірахманов (60 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Берік Әбдірахманов германиялық боксшы Адтке Гашиді 2:1 есебімен ұтса, Әділбек Ниязымбетов даниялық боксшы Раджаб Сарвариді мерзімінен бұрын жеңді.
Бүгін Теміртас Жүсіпов (49 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық боксшы Кише Майерс. Сондай-ақ, 64 келіде Алмасбек Әлібеков молдовалық боксшы Дмитрий Галаготпен жұдырықтасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35