«Astana Arlans» пен «Baku Fires» жартылай финалдық кездесуге шығатын боксшыларымен таныстырды
Әзірбайжанда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалының екініші кездесуін өткізетін «Astana Arlans» және «Baku Fires» боксшылары салмақ өлшеу рәсімін өткізді, деп хабарлайды azerisport.com
Екі жақтың да құрамында өзгерістер енгізілгенін айта кетейік. Әзірбайжандық клуб 52 келідегі Магомед Абдулхамидовтың орнына Элвин Мамашзадені шығарды.
52 келіге дейін: Ілияс Сүлейменов - Элвин Мамишзаде;
60 келі: Самат Бәшенов - Альберт Селимов;
69 келіге дейін: Манат Өмірзақов - Евгений Рамашкевич;
81 келіге дейін: Хрвое Сеп - Михаил Долголевец;
91 келіден жоғары: Филипп Хргович - Хаджи Муртузалиев;
Қосымша жекпе-жек - 81 келіге дейін: Әділбек Ниязымбетов - Тимур Маммадов.
«Құрамды өзгертуде ешқандай қисын көріп тұрғаным жоқ. Біз шахмат ойнауға келген жоқпыз, бокстасуға келдік. Жекпе-жектерге үш күн қалғанда біздің құрамда өзгерістер болды. Боксшылардың ауырып қалуы, жарақат алуы, немесе туысқандары ауырып қалуы мүмкін. Сол себепті айтарым, бізде бәрі жақсы. Губаға 81 келіге дейінгі салмақтағы үш боксшымызды әкелуіміздің себебі – олар өзара дос, сондықтан бірге жүрулерін қаладым,» - деді «Astana Arlans» клубының бас жаттықтырушысы Сергей Корчинский.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен біріншіжартылай финалдық кездесуде «Astana Arlans» боксшылары 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. «Astana Arlans» және «Baku Fires» командалары арасындаға жартылай финалдық қарымта кездесу 3-ші мамыр күні өтеді. KAZsport телеарнасы Әзірбайжаннан тікелей эфир жүргізеді.
vesti.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45