Серхио Мартинес Анхель Коттодан жеңілді
Жаңа ғана Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Мэдисон Сквер Гарден аренасында үш салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы пуэрторикалық 33 жастағы Мигель Анхель Котто WBC нұсқауы бойынша әлем чемпионы 39 жастағы аргентиналық боксшы Серхио Мартинесті айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сөйтіп, Геннадий Головкиннің ең ықтимал қарсыласы аргентиналық Серхио Мартинес бүгін сенсациялық жеңіліске ұшырады.
Алғашқы раунда-ақ Коттоның басымдығы сезілді, ол өте дәл және ауыр соққылар берді. Мартинес Коттоның соққысынан үш рет құлады. Котто тоқтаусыз шабуылдаумен болса, Мартинес оқта-текте қарсы шабуылға шығып жүрді.
Сайыстың екінші жартысында Коттың басымдығы айқын бола түсті. Ал Мартинес ойын тізгінін өз қолына ала алмады. Кезінде жарақат алған аяғы тағы да сыр бере бастағандай. Тоғызыншы раунда Мартинеске нокдаун саналды.
Тоғызыншы раунд пен оныншы раунд арасындағы үзілісте Мартинестің бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Мигель Котто техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Оның кепілдендірілген табысы 7 миллион АҚШ долларын құраса, орта салмақ дәрежесіндегі WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Серхио Мартинестің кепілдендірілген табысы 1,5 миллон АҚШ долларын құрады.
Айта кетейік, 39 жастағы Мартинес енді өз карьерасын аяқтауы мүмкін.
Айта кетейік, 39 жастағы Мартинес енді өз карьерасын аяқтауы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00