Гжегож Прокса: Головкиннен жеңілгеннің ұяты жоқ
Еуропаның EBU сериясы бойынша экс-чемпионы, польшалық боксшы Гжегож Прокса ағылшындық «iFL TV» телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин туралы жылы пікірлерін айтып өтті.
«Головкин қазіргі таңда орта салмақ бойынша әлемнің жарқын жұлдызы. Мен онымен 2 жыл бұрын жұдырықтастым. Осы уақытқа дейін орта салмақ дәрежесіндегі жойқын соққы жасайтын боксшыны көрген емеспін. Ендеше Геннадийден жеңілгеннің еш ұяты жоқ деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, Геннадий қазір орта салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік боксшысы», - дейді Прокса.
Головкин мен Прокса арасындағы жекпе-жек 2012 жылдың қыркүйек айында өтіп, қазақстандық боксшы кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді
Естеріңізге сала кетейік, 26-шы шілде күні (Астана уақытымен 27-ші шілде) Геннадий Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялық Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45