Головкин – Гил жекпе-жегі басталды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында бокс жанкүйерлері асыға күткен жекпе-жек басталды. Шаршы алаңға кәсіпқой бокстан WBA (Super) және ІBO тұжырым бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен әлемнің экс-чемпионы, австралиялық Дэниэл Гил көтерілді.
Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жегі. Головкин бұған дейін өткізген 29 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 26-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бір жекпе-жек артық өткізген Дэниэл Гил екі рет жеңіліске ұшыраған.
Екі боксшыға бүгінгі кездесуі үшін берілетін гонорар көлемі де белгілі. Геннадий Головкин 750 000 АҚШ долларына, ал Дэниэл Гил 600 000 АҚШ долларына ие болады.
Айта кетейік, Нью-Йоркте өтіп жатқан бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00