Елбасы Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлта Назарбаев бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы Әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады
Елбасы Геннадий Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым және барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Лайықты қарсыласпен адал бәсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы да дәлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке және кәсіби рингтегі алдағы бәсекелерде жарқын жеңістер тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00