Мейвезер мен Майдана тағы жұдырықтасады
37 жастағы америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кіші 31 жастағы аргентиналық Маркос Майданамен қайта кездеседі. Бұл туралы Аllboxing.ru хабарлайды. Қазіргі таңда Флойд Мейвезер WBA және WBC тұжырымында орта салмақтағы Әлем чемпионы.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Мейвезердің сұранысына оң жауабын берді. Бұл жекпе-жекте америкалық боксшы WBC және WBA (Super) тұжырымы бойынша орта салмақта және WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта чемпиондық атағын қорғайды.
Мұндай жекпе-жек соңғы рет 1988 жылы Шугар Рэй Леонард пен Донни Лалоунд арасында болған. Сол кездесуде WBC тұжырымындағы Әлем чемпионы атағы бос болды.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Флойд Мейвезер мен Маркос Майдана мамыр айында жұдырықтасқан еді. Сол жекпе-жекте америкалық боксшы ұпай санымен жеңіске жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35