Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы senkazakh.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өтті. Бұл - Қанаттың Латын Амрикасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы.
Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32 сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен.
Қанат осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл - оның 15-ші нокауты.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00