Марко Антонио Рубио: Ең мықты боксшыны ұтпай, чемпион болу мүмкін емес
Лос-Анджелесте WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBС тұжырымы бойынша уақытша чемпион мексикалық Марко Антонио Рубионың баспасөз мәслихаты өтті.
«Сіз ең мықты әрі үздік боксшылармен жекпе-жекке шығып, оны ұтпай, өзіңізді чемпион деп санай алмайсыз. Головкин – ең үздік боксшы», -деп келтіреді Рубионың сөзін Thesweetscience.com.
«Біріншіден, Рубио WBС тұжырымы бойынша уақытша чемпион. Ол қазір Мексикадағы орта салмақтағы үздік боксшы», - деді Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Геннадий Головкин 18 қазан күні 34 жастағы Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасады. Жекпе-жек Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub стадионында өтіп, оны НВО телеарнасы көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35