Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Әлемнің үздік ТОП-15 қатарында
WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл тұжырым бойынша рейтингтің көшін бастап тұр.
Бүгін кәсіпқой боксшылардың рейтингтері жаңарды. Әлемнің ТОП-15 боксшыларының арасында біздің жігіттер де бар.
Ең жеңіл салмақта ( 53,525 келіге дейін) EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы 30 жастағы Жанат Жақиянов жуық арада WBC Eurasia Pacific Boxing Council чемпиондық атағы үшін грузиялық боксшысы Гаги Эдишерашвилимен жұдырықтасады. Бұл салмақ дәрежесінде Жанат екінші орында. бірінші орында тайландтық боксшы - Суриян Сор.
WBA тұжырымы бойынша – оныншы, IBF бойынша – сегізінші, ал, WBO бойынша – тоғызыншы.
69,85 келі салмақта жұдырықтасып жүрген 29 жастағы отандасымыз Қанат Ислам WBA тұжырымы бойынша тоғызыншы орында. Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін тамыз айында өткізіп, жеңіске жеткен болатын.
Жалпы саны 18 кездесу өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Қанат қыркүйек айының рейтингінде алға жылжуы мүмкін.
WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл тұжырым бойынша рейтингтің көшін бастап тұр. Геннадий келесі жекпе-жегін 18-ші қазан күні WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді.
WBA тұжырымы бойынша экс – әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясының рейтингі бойынша 10-шы орында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL Astana 2026: «FURIA» ширек финалда сүрінді
16.05.2026, 06:00
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30