Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті
Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберін анықтау үшін дауыс беруді Sports.ru ұйымдастырып отыр. Бұл тізімде сондай-ақ атақты боксшылар американдық кіші Флойд Мейвезер мен Бернард Хопкинс, филиппиндық Мэнни Пакьяо, мексикандық Хуан Мануэль Маркес, кубалық Гильермо Ригондо және т.б. бар.
Естеріңізге сала кетейік, WBA нұсқасы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі (72,5 кг) әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегі биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы - 30 510 адам.
Фото: boxing.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35