Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін 1-ші қазанда АҚШ-та өткізеді
IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев өзінің келесі жекпе-жегін 1-ші қазанда өткізеді, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Иса Ақбербаев» тобы.
Жекпе-жек Санта-Моникада (АҚШ) франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам мен америкалық Кертис Стивенс арасындағы бокс кеші аясында өтеді. Әзіргі қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Иса Ақбербаев өзінің соңғы жекпе-жегінде кениялық Моррис Околоны ұтқан болатын. Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой алаңдағы 13-ші жекпе-жегі болды. Қазақстандық осы уақтықа дейін 12 рет жеңіске жеткен. Соның 7-ін қарсыласын нокаутқа түсірген.
Фото: ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Иса Ақбербаев» тобынан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35