Геннадий Головкин әлемнің үздік бес боксшысының қатарына енді
Америкалық Bleacher Report спорт сайты 2014 жылғы үздік боксшылар атағына үміткерлердің рейтингін жаңартты.
Bleacher Report сайтының нәтижесі бойынша Геннадий Головкин бұрынғыша алғашқы бестіктегі орнын сақтап қалған.
Биыл орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ганалық Осуману Адамамен (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болса, австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жеңген (27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Үшінші жекпе-жегін 18-ші қазанда Лос-Анджелесте WBC нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді.
Bleacher Report нұсқасы бойынша «Жыл боксшы» атағына үміткерлер тізімі:
1. Мигель Котто (Пуэрто-Рико).
2. Флойд Мейвезер (АҚШ).
3. Сауль Альварес (Мексика).
4. Теренс Кроуфорд (АҚШ).
5. Геннадий Головкин (Қазақстан).
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35