KAZsport телеарнасы Головкин – Рубио жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
KAZsport телеарнасы орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио жекпе-жегі болатын бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.
«Головкин мен Рубио жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынамыз. Сонымен қатар, Головкин кездесуінің андеркартында жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық Руслан Мадиевтің де жекпе-жегін міндетті түрде көрсетеміз.
Оның қарсыласы – мексикалық Хоан Валенсуэла», - деді KAZsport телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 18-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.
Фото: fightnews.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35