«StubHub Center» стадионына 27 мың адам сыяды
«StubHub Center» Лос-Анджелестің орталығынан 10 миль оңтүстіктегі Карсон қаласындағы Калифорния штатының Домингес-Хиллс Университетінің кампусында орналасқан 27 мың адам сыятын футбол стадионы. Бұрын «Home Depot Center» деп аталған.
Бұл стадион MLS чемпионатында ойнайтын (АҚШ пен Канаданың жоғары футбол лигасы) «Лос-Анджелес Гэлакси» мен «Чивас АҚШ» командаларының алаңы саналады.
«StubHub Center» - АҚШ футбол федерациясының жаттығу орталығы. Мұнда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер ұлттық құрамалары жаттығады.
Футбол матчтарынан бөлек, «StubHub Center» стадионында Дүниежүзілік экстремалды ойындар, регби жарыстары мен танымал музыкалық топтардың концерттері өтеді.
Бұл стадионда MLS кубогының (2003, 2004, 2008, 2011, 2012; бұл көрсеткіш лиганың тарихындағы рекорд саналады) сайыстары және 2005 жылы АҚШ-тың Ашық кубогының финалы болды.
Бұл стадионда «Реал Мадрид», «Челси», «Америка», «Гвадалахара» сияқты атақты командаларының ойыны өткізілген.
Айта кетейік, дәл осы стадионда 19-ші қазан күні Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегі өтеді. Оны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 07:00-де көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00