Астанада Геннадий Головкинмен кездесу 22-қарашада өтеді
Орта салмақтағы WBA Super, IBO, WBC interim тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 22-ші қарашада Астанадағы Назарбаев Университетінде сағат 11:00-де жанкүйерлермен кездеседі.
Мексикада WBC және HBO тарапынан ұйымдастырылған ресми шара мен ақпанда өтетін жекпе-жекке дайындалу жұмыстарына байланысты Геннадий тек Астанаға келе алады. Бұған дейін ол Алматыға да барады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, 22-қарашада сағат 10:00-де Геннадий Головкин, оның ағасы әрі бапкері Максим Головкин және GGG компаниясының менеджері Олег Германның қатысуымен журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Бұл мәслихат Геннадийдің ақпандағы жекпе-жегіне арналады.
Баспасөз мәслихатына қатысатын журналистер міндетті түрде аккредитация өту керек. Толық аты-жөніңіз бен БАҚ аты (фото және видео-операторлар жеке көрсетіледі) көрсетілген өтініштерді 21-қараша сағат 17:00-ге дейін teamgggmedia@gmail.com поштасына жіберуге болады, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Геннадий Головкиннің жанкүйерлер парақшасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35