Антон Пинчук АРВ жобасы аясында кезекті жеңісіне жетті
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, 91 келідегі Антон Пинчук АІВА-ның жаңа АРВ жобасында кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Бұл салмақтағы жекпе-жектер Италияның Бергамо қаласында өтуде. Пинчук 2013 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, германиялық Эмир Ахматовичке қарсы шаршы алаңға шыққан.
І турда Ахматович америкалық Явонта Чарльзді мерзімінен бұрын ұтса, Пинчук аргентиналық Ямиль Перальтаны жеңді.
Қарсыластар бұдан бұрын да кездескен. Өткен жылы Галле халықаралық турнирінде неміс боксшысы ұтқан. Бұл жолы қазақстандық боксшы жеңді.
Жекпе-жек Антон үшін оңай басталған жоқ. Алғашқы екі раундта Ахматович ұпай бойынша алда тұрған. Алайда, Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы кездесуде белсенділік танытып, жеңісті өз еншісіне жазды.
Қалған үш раундта ол қарқынын үдетіп, төрешілерге күмән қалдырмай жеңді. Есеп – 3:0 (60:54, 58:56, 58:56).
confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00