Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! – Рой Джонс
Бес салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы, 45 жастағы белгілі америкалық кәсіпқой боксшы кіші Рой Джонс қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Мен Қазақстанға келгенімен қуаныштымын. Олег Маскаевтан сіздердің елдеріңіз туралы естідім. Ол мені қайта-қайта шақырған еді. Мені құшақ жая қарсы алғанда риза болдым. Қазақстанда өткізген әр секундымнан рахат алудамын. Сіздерге келемін деп ешқашан ойлаған емеспін. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. АҚШ-та Тәуелсіздік күнін тойлайды. Сондықтан бұл мерекенің ел үшін қаншалықты маңызды екенін білемін. Қазақстанға тағы келемін деп уәде беремін», дейді боксшы.
Еске сала кетейік, атақты боксшылар кіші Рой Джонс пен Олег Маскаев Қазақстанға Жарылғапов атындағы бокстан ашық турнирдің ашылуына қатысу үшін келген. Жарыс Қарағанды қаласында 17-21 желтоқсан аралығында өтеді. Кіші Рой Джонс ашылу салтанатында өлең шырқайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35