Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО)
WBA (super), IBO және WBC (interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 KO) Лос-Анджелесте Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткiздi.
Геннадий баспасөз мәслихаты өтетiн мейрамхана алдында жиналған жанкүйерлерiне қолтаңба берді. Осыдан кейін оның командасы тiлшiлермен сұхбаттасты.
Баспасөз мәслихатына бапкер Абель Санчес, промоутер Том Леффлер және HBO Sports өкiлi Рэй Сталлоне қатысты.
«2015 жыл Головкин үшiн өрлеу жылы болады. Ол атақты боксшылармен жұдырықтасады», - деп сенiм бiлдiрдi Том Леффлер.
Еске сала кетейiк, Геннадий Головкин 21 ақпанда Монакода Мартин Мюрреймен шаршы алаңға шығады.
Головкин-Мюррей кездесуiнiң жеңiмпазы Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік алады.
Фото: ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Геннадий Головкиннің жанкүйерлер парақшасынан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35