«Aстана арландары» жаңа маусымды жеңіспен бастады
«Aстана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Олар Алматыда өткен жекпе-жекте Венесуэланың «Caciques de Venezuela» командасын 5:0 есебімен ұтты.
49 келіде Мардан Берікбаев Йоел Финол Ривастан басым түсті. 56 келіде Мейірболат Тойытов Хосе Диастан мықты екенін танытты. 64 келіде Самат Бәшенов Луис Арконды ұтып, кездесу тағдырын шешті.
Төртінші болып шаршы алаңға шыққан Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) төртінші раундта Хуан Карлос Родригес Патиноны техникалық нокаутпен жеңді. 91 келіде жұлырықтасқан Василий Левит те қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді. Альфонсо Флорес Милланмен болған жекпе-жек үшінші раундта аяқталды.
«Астана арландары» келесі кездесуін сырт алаңда 23 қаңтар өткізеді. Қарсыласы - «Rafako Hussars Poland».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35