Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирге қатысады
3-8 ақпан аралығында Будапештте (Венгрия) қатарынан 59-шы рет «Иштван Боскай» турнирі өтеді. Бұл – Еуропада ең беделді әрі ауқымды турнирлердің бірі.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов турнирге жас боксшыларды апармақ.
«Біздің басты мақсат – жас боксшыларға халықаралық жарыста өз деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік беру. Құраманың көбі 1992 жылы туған боксшылар. Тек 56 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін 25 жастағы Мирас Жақыпов қана тәжірибелі спортшы. 2014 жылы осы турнирде үш алтын медаль иелендік. Биыл да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Алайда, біз үшін ең бастысы – құрамаға енді қосылған жастардың тәжірибе жинауы», - деді Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматы облысындағы Дүниежүзілік бокс академиясында 28 қаңтарға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45