Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиынын Әзірбайжан командасымен бірге өткізеді
Сербияда өткен Ұлттар Кубогында Суперкубокты жеңіп алған бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Алматы облысында Әзірбайжан командасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қыздар құрамасы мамыр айында өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. Осы сайысқа дайындалуға бағытталған оқу-жатығу жиыны 14-ақпанға дейін жалғасады.
«Азия чемпионатындағы басты қарсыластар – Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан командалары. Қазақстанның атынан біздің бірінші нөмірлі боксшылар Назым Қызайбай, Ләззат Күнгейбаева, Дариға Шәкімова, Дина Жоламан, Зарина Цолоева сынға түседі», - дейді бапкер Қайрат Манашев
Биыл Азия чемпионатымен қатар, қыздар Польша, Қырғыз Республикасы, Болгария және Ресей елдерінде өтетін бірнеше турнирлерге қатысады.
Алайда, боксшы қыздардың алдында тұрған басты мақсат – келер жылы Астанада өтетін Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалу.
Фото: kfb.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35