«Астана арландарының» «Baku Fires» командасына қарсы құрамы белгілі болды
Кездесу Әзірбайжанда 31 қаңтар күні өтеді.
«Астана арландарының» «Baku Fires» командасына қарсы құрамы белгілі болды. Бұл туралы бүгін «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.
«Baku Fires» командасымен кездесуде «Астана арландары» сапында Теміртас Жүсіпов (49 келі), Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) және Василий Левит (91 келі) шаршы алаңға шығады.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымы аясында 2015 жылдың 31 қаңтары күні Әзірбайжанда «Астана арландары» мен «Baku Fires» командасы кездеседі.
Сайыстар Губа қаласының Олимпиадалық кешенінде Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады. Қарсыластар құрамы әзірге белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35