WSB: «Aстана Арландары» бесінші рет жеңіске жетті
«Астана Арландары» 5:0 есебімен «Puerto Rico Hurricanes» командасын ұтты.
49 келі салмақта жұдырықтасқан Мардан Берікбаев Энтони Ортизді айқын басымдылықпен жеңді. Есеп - 3:0.
56 келі салмақта Мейірболат Тойытов қарсыласы Гомес Гарибалдиге еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Бірінші раундта нокдаун алған Гарибалди, екінші раундта техникалық жеңіліс алды.
64 келіде жекпе-жек өткізген «Астана арландарының» капитаны Самат Бәшенов қарсыласы Ривера Яннды 3:0 есебімен жеңді.
75 келі салмақта жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Джеффри Фласты бір раундттың ішінде нокаутқа түсірді.
Ауыр салмақта (91 келі) шаршы алаңға шыққан Василий Левит қарсыласы Ричард Джонсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Енді 21 ақпанда қазақстандық команда Алматыда аргентиналық «Argentina Condors» командасымен сынға түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35