Головкин-Мюррей жекпе-жегінің финалдық баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)
Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррей мен WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегі алдындағы финалдық баспасөз мәслихатты өтті.
«Менің қарсыласым Мартин Мюррей – керемет боксшы әрі жақсы жігіт. Мен оны және командасын құрметтеймін. Мен оның мықты екенін көріп отырмын», - деді Геннадий Головкин.
«Головкин – мықты боксшы. Бірақ мен оны жеңе алатын қарсыласпын», деп келтіреді Мюррейдің сөзін ВКонтакте желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы.
Айта кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Фото: ВКонтакте желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35