Мэнни Пакьяо мен Флойд Мэйвезер жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды
Филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мэйвезер арасындағы бокс кеші 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді.
«Бүкіл әлем осыны асыға күтті. Міне бүгін олардың арманы орындалды. Келісімшартқа қол қойылды. Мен жанкүйерлерге берген сертімде тұрдым. Енді біз 2 мамырды тарихи күнге айналдырамыз», деді Флойд Мэйвэзер.
36 жастағы Мэнни Пакьяо – 66,68 келі салмақтағы WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 64 жекпе-жек өткізіп, 57 рет жеңіске (38 нокаут) жеткен. Пакьяо 5 рет жеңіліп, 2 кездесуде тең түскен.
Ал, 37 жастағы Флойд Мэйвезер – 66,68 салмақтағы WBC, IBF және WBA тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы. Ол кәсіпқой шаршы алаңда 47 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске (28 нокаут) жеткен.
Пакьяо-Мэйвезер арасында жекпе-жек MGM Grand қонақ үйінде өтетіні белгілі болғаннан кейін қонақ үйдегі барлық бөлмелер 15 минутта сатылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35