Головкин-Мюррей бокс кешінде жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды
Бүгін Монакода «Salle des Etoiles» (Монте-Карло, Монако) аренасында бокс кеші өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кездеседі.
Сонымен қатар, бұл кеште тағы үш ойын өтеді. Шаршы алаңға алғашқы болып жеңіл салмақ дәрежесінде (53,525 келі) ұлыбританиялық Ли Хаскинс (30-3-0, 13 КО) пен франциялық Омар Ламири (13-1-0, 5 КО) шығады. Олар EBU тұжырымы бойынша белбеуді сарапқа салады.
Осы жекпе-жектен кейін ең кіші салмақ дәрежесінде (47,627 келі) WBA мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы анықталады. Шаршы алаңда Оңтүстік Африка елінің боксшысы Хекки Будлер (27-1-0, 9 КО) мен мексикалық Хесус Сильвестре (30-5-0, 22 КО) кездеседі.
Ал, Головкин-Мюррей жекпе-жегі алдында аса ауыр салмақ дәрежесінде (90,892 келіден жоғары) ұлыбританиялық Хьюи Фьюри (14-0-0, 8 КО) мен украиналық Андрей Руденко (24-1-0, 16 КО) жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45