Головкин-Мюррей жекпе-жегін Қазақстан аумағында 1 миллионнан астам көрермен тамашалған
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекті Қазақстан аумағында 1 миллион 360 мың адам тамашалаған.
TNS Central Asia компаниясының зерттеуі бойынша 22 ақпанда таңғы сағат 05:00-де өткен Головкин-Мюррей жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Қазақстанның жалпы телеаудиторияның 81 пайызы немесе 930 мыңға жуық адам тамашалаған.
22 ақпанда сағат 18:50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жекпе-жектің қайталауын көрсетті. Осы уақытта көрсетілген кездесуді жалпы телеаудиторияның 19 пайызы, яғни 1 миллион 800 мың адам тамашалаған.
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның медиа-сараптама бөлімінің басшысы Ербол Бегімбетовтің айтуынша, зерттеу нәтижесі бойынша Головкин-Мюррей жекпе-жегін 1 миллион 360 мың адам қараған.
Сонымен қатар, жекпе-жектің Интернеттегі тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми сайтынан 117 мың адам тамашалаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35