Гамбургта Иса Ақбербаев пен Рубен Ангел Мино жекпе-жегі өтеді
28 ақпанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев аргентиналық Рубен Ангел Миномен жекпе-жекке шығады. Боксшылар бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,892 келі) GBC титулын сарапқа салады.
31 жастағы Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізген. Оның барлығында жеңіске жетіп, 10 рет қарсыласын нокаутқа түсірген.
Ал, 40 жастағы аргентиналық Рубен Ангел Мино кәсіпқой дәрежеде 26 жекпе-жек өткізіп, 25 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ол осыған дейін тек бір рет қана жеңілген. Айта кетейік, Ангел Мино өткен жылы Головкин-Адама бокс кеші аясында кездесу өткізген.
Германияның Гамбург қаласында өтетін бокс кешінде 13 жекпе-жек өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35