WBC: Мигель Котто Головкинмен жекпе-жек өткізуі тиіс
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Мигель Котто WBA (Super) мен WBC (Interim) тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі тиіс. Бұл мәліметті Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) растады. Пуэрторикалық Мигель Котто Әлем чемпионы атағын өз еркімен қорғау үшін бір жекпе-жек өткізе алады. Алайда сол жекпе-жектен кейін WBC міндеттеген қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс.
Коттоның айтуынша, ол WBC ұйымының міндеттерін елемейді. «Менің спорттық карьерама ешбір ұйым әсер етпейді. Сондықтан мен оны өзім қалағандай өткіземін», деп жариялаған Коттоның сөзін BoxingScene.
Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде ұлыбританиялық Мартин Мюррейді нокаутпен жеңді. Ал, Мигель Котто 2014 жылдың 7 маусымында аргентиналық Серхио Мартинесті ұтып, Әлем чемпионы атанғалы бері шаршы алаңға шықпаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35