2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет – Тимур Құлыбаев
Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының жалпы жиналысында төраға Тимур Құлыбаев айтты.
Кездесуде Конфедерацияға кіретін спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командалардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жүргізуі, төрешілер корпусының біліктілігін арттырып, олардың 2016 жылғы Олимпиада ойындарында қызмет етуі, халықаралық байланыстарды дамытып, төрешілер, спортшылар мен бапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарлату сияқты мәселелер талқыланды.
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы тыйым салынған препараттарды пайдалануды анықтау мен оның алдыналу мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Сондықтан, 2015 жыл «Спорттық медицина дамыту және допингпен күресу жылы» болып жарияланды. Конфедерация төрағасы ҚР Ұлттық құрама командаларын кешенді-ғылыми қолдаумен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлатуды тапсырды.
2015 жылы Қазақстан дзюдодан лицензиялық Әлем чемпионатын өткізеді. Астана қаласында болатын байрақты бәсекеге дайындықты егжей-тегжейлі жүргізу Дзюдо федерациясына тапсырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35