Мартин Мюррей суперорта салмақ дәрежесіне ауысады
«Әлем чемпионы атанып, арманымды орындау үшін орта салмақтың екінші категориясына (76,2 келі) ауысу керек», - деді ұлыбританиялық Мартин Мюррей (29-2-1, 12 КО) SkySports тілшісіне берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 32 жастағы ұлыбританиялық Мартин Мюррей бір ай бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 11-ші раундта нокаутпен ұтылған еді. Осылайша Мюррей Әлем чемпионы атағы үшін үш рет ұмтылып, барлығында жеңіліс тапты.
«Менде Головкинге қарсы жақсы жоспар бар еді. Алайда бұл дивизионда ол жоспарым іске аспады. Енді карьерамды жалғастырудың басқа да жолдарын қарастырудамын. Бірақ, 76,2 келі салмақ дәрежесіне ауысатын шығармын. Менің денем орта салмақ үшін «ірі», сондықтан артық салмақ Әлем чемпионы болуға тек септігін тигізеді деген үміттемін», - деп келтіреді Мартин Мюррейдің сөзін sportinglife.com.
Сонымен қатар, Мюррей: «Головкин – ғажайып. Ол ерекше. Меніңше қазір бұл салмақта оны ешкім жеңе алмайды», деді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00