«Астана арландары» мен «Baku Fires» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады
Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен әзірбайжандық «Baku Fires» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады.
52 кг: Олжас Сәттібаев - Мурад Рабаданов
60 кг: Зәкір Сафиуллин - Альберт Селимов
69 кг: Қанағат Маралов - Багиров Парвиз
81 кг: Хрвое Сеп - Даухалявец Михаил
+91 кг: Филипп Хргович - Гаджи Муртазалиев
Тоғызыншы турдан кейін «Астана арландары» 27 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Baku Fires» бокс клубы 20 ұпаймен екінші орында келеді.
Қос клуб арасында өткен алғашқы айналымдағы жекпе-жекте «Астана арландары» сырт алаңда әзірбайжандық боксшыларды 3:2 есебімен ұтқан.
Өткен турда «арландар» өз алаңымызда польшалық «Рafako Hussars Poland» клубын 5:0 есебімен ұтқан болса, әзірбайжандық «Baku Fires» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларын дәл осындай есеппен жеңген.
«Астана арландары» мен «Baku Fires» клубы арасындағы жекпе-жек 21 наурыз күні Шымкент қаласында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00