Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров кезекті жеңістеріне жетті
Колумбияның Баранкильеде қаласында WBA Fedelation белбеуінің иегері 30 жастағы қазақстандық Қанат Ислам мен 31 жастағы колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрада кездесіп, Қанат Ислам атағын қорғап қалды.
Жекпе-жек басынан аяғына дейін Қанаттың басымдығымен өтті. Жекпе-жектің үшінші раундында қазақстандық боксшы Орландо Де Хесус Эстраданы екі рет нокдаунға құлатты. Ал, төртінші раундтың басында тура соққы өткізген Эстрада тағы құлап, төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты. Осылайша Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне жетті.
Осы кеште жұдырықтасқан тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 34 жастағы колумбиялық Дунис Линан кездескен еді. Жанқоштың соққыларына шыдамаған Линан жетінші раундта тіпті көп соққы өткізді. Сондықтан рингтегі төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл Жанқоштың кәсіпқой рингтегі 17-ші жеңісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35