Геннадий Головкин Гжегож Проксаны жаттығуға шақырды
WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадйи Головкин еуропаның орта салмақтағы бұрынғы чемпионы поляк Гжегож Проксаны бірге жаттығуға шақырды.
30 жастағы Прокса жақын күндері Головкиннің жаттығу залы орналасқан Калифорния қаласына келеді. Поляк боксшысы Головкиннің келесі қарсыласы кіші Монро сияқты солақай боксшы.
Еске сала кетейік, Гжегож Прокса 2012 жылдың қыркүйек айында Геннадиймен кездесіп, бесінші раундта нокаутпен жеңілген еді.
Головкин мен кіші Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні Лос-Анджелесте өтпек. Кездесу НВО телеарнасынан тікелей эфир көрсетіледі.
Геннадий Головкиннің осы жылдағы екінші жекпе-жегі болмақ. Ақпан айында Головкин британдық Мартин Мюррейді ұтқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35