«KAZsport» Бекзат Саттархановтың туған күніне орай «Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл» деректі фильмін көрсетеді
Бүгін – қазақ бокс мектебінің талантты өкілі, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов дүниеге келген күн.
Жасындай жарқылдаған Бекзат Олимпиада шыңын бағындырғанда қуанбаған қазақ болмады.
Боксшының әкесі Сейілхан Саттарханов: «Ұлым өмірде ақкөңіл болғанымен, рингке шыққанда өзгеріп кететін. Көздері шоқтай жанып тұратын. Өзгеше қимылдарды да өзі тауып жүретін»,-дейді.
Бекзаттың шеберлігі, шыдамдылығы мен қайсарлығы әр ойыннан көрінетін. Шаршы алаңда қарсыласының қиымылын жіті бақылап, жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салатын.
Олимпиада жеңісінен соң, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекзатқа I дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Бұл сәт тарихқа алтын әріптермен жазылды. Себебі, Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері болды.
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында бір көшеге батыр ұлдың аты берілді. 2002 жылдан бері бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирі өтіп тұрады.
Айта кетейік, бүгін даңқты боксшы туралы «KAZsport» телеарнасынан сағат 15:15-те «Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл» атты деректі фильм көре аласыздар.
Фото: qaznews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін Әлем чемпионы атанды
31.12.2025, 01:00
Александр Марочкин «Тобыл» ойыншысы атанды
30.12.2025, 14:31
Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
29.12.2025, 18:01
Данил Васильев пен Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының финалына шықты
29.12.2025, 15:00
Усман Дембеле 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды
29.12.2025, 11:30
Осман Дембеле IFFHS нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды
27.12.2025, 17:30
Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті
27.12.2025, 01:06
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
26.12.2025, 21:55