Геннадий Головкин 33 жасқа толды
Бүгін WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы, қазақстандық боксшының туған күні.
Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Ол – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). «Universum Box Promotion» клубының мүшесі (2006). Бокстан ҚР чемпионатының жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы Әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); Әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
75 кг дейінгі салмақта Әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 келіге дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); Кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы.
Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен (29-ын нокаутпен жеңді).
ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Колумбия - Гана: Тікелей эфир!
03.07.2026, 19:00
Аргентина - Кабо-Верде: Тікелей эфир!
03.07.2026, 15:30
Аустралия - Египет: Тікелей эфир!
03.07.2026, 15:00
Швейцария – Алжир: Тікелей эфир!
02.07.2026, 17:00
Португалия – Хорватия: Тікелей эфир!
02.07.2026, 16:00
Испания – Аустрия: Тікелей эфир!
02.07.2026, 14:30
«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады
02.07.2026, 14:20
АҚШ 1/8 финалға жолдама алды
02.07.2026, 11:00