«Астана арландары» мен «Italia Thunder» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады
Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен «Italia Thunder» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады.
52 кг: Мирас Жақыпов — Гаурав Бидхури
60 кг: Роман Щегринов — Донато Козенца
69 кг: Асланбек Шымбергенов — Адам Патрик Нолан
81 кг: Хрвое Сеп — Валентино Манфредонья
+91 кг: Филип Хргович — Алессио Спахиу
Қос клуб арасында өткен алғашқы айналымдағы жекпе-жекте «Астана арландары» италиялық «Italia Thunder» клубының боксшыларын 3:2 есебімен ұтқан.
«Арландар» өткен турда «Аrgentina Сondors» клубымен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болса, «Italia Thunder» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларынан 2:3 есебімен жеңілген.
13 турдан кейін «Астана арландары» 39 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Italia Thunder» бокс клубы 24 ұпаймен үшінші орында.
«Астана арландары» мен «Italia Thunder» клубы арасындағы кездесу 25 сәуір күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұл топтық кезеңдегі соңғы тур. «А» және «В» тобында бірінші орын иеленген клуб тікелей жартылай финалға, ал, екінші және үшінші орын алған клубтар ширек финалдық бәскелерді өткізеді.
Жартылай финалға «А» тобынан «Сuba Domadores», «В» тобынан «Астана арландары» шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00