Сербиядағы турнирде боксшыларымыз 4 алтын мен 1 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте 1-ші орын иеленді
Сербия астанасы Белград қаласында 20 елдің 116 спортшысы қатысқан халықаралық турнир өтті. Турнирге Қазақстаннан Марат Елеусінов жаттықтыратын 6 спортшы аттанғен еді.
Осы алты спортшының төртеуі турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын ұтып, алтын медальды Азат Махметов (52 кг), Жанболат Тілегенұлы (56 кг), Рустам Сваев (75 кг) пен Нұржан Бекзатов (+91 кг) иеленді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасынан Нұрбол Алтаев (81 кг) жарыстың қола жүлдесін ұтып алды. Өкінішке қарай 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Жақсылық Ілиясов алғашқы жекпе-жекте Нидерланд елінің спортшысына (кейін ол турнир жеңімпазы атанды) есе жіберді.
Айта кетейік, жерлесіміз Рустам Сваев 75 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, турнирдің «Үздік боксшысы» атанды. Ол жарыста Шотландия, Норвегия және Сербия елдерінің спортшыларымен сынға түсіп, барлығын айқын басымдықпен жеңген.
Осылайша Сербияда өткен турнир қорытындысы бойынша Қазақстаннан қатысқан 6 спортшы 4 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қалған орындарды Сербия және Молдова елдерінің спортшылары еншіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55