«Балқаш жолбарысы» Ұлттық арнада қонақта
Василий Жиров 1974 жылы 4 сәуірде Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері (1996), Парасат орденінің иегері.
Василий Жиров 12 жасынан бастап бокспен айналыса бастаған. Оның ең алғашқы бапкері – В.И. Апачинский.
1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен XII Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. 1993 жылы Тампреде және 1995 жылы Берлинде өткен бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
1994 жылы Тегеранда өткен Азия чемпионатының қола, 1995 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.
Ал, 1997 жылдан бастап кәсіпқой боксқа ауысқан.
Василий Жиров 1996 жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады.
Василий Жиров кәсіпқой бокста 42 жекпе-жек өткізіп, 38 кездесуін жеңіспен аяқтаған. Жекпе-жегінің 90 пайызын нокаутпен аяқтады. WBC және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы.
Айта кетейік, «Балқаш жолбарысы» атанған боксшы В.Жиров 5 мамырда Ұлттық арнада сағат 23:40-та қонақта болады.
Ол сүйіктісіне Нұрлан Қоянбаевтің «Түнгі студиясында» ұсыныс жасамақ.
Қапы қалмаңыздар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55